Бірінші сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нан, сүйекті сиыр еті, тауық еті, құс еті, ет фаршы, сүзбе, айран және шай бағалары есепті аптада өзгеріссіз қалды.
ERNUR.KZ. 2026 жылғы 5 тамыздағы жағдай бойынша, есепті аптада Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатары бойынша бағаның төмендеуі байқалды.
Апта ішінде қияр (-2,4%), ақ қырыққабат (-2,1%), қызанақ, картоп (-1,7%), сүйексіз сиыр еті (-0,4%), алма (-0,3%), қарақұмық жармасы (-0,2%), қаймақ (-0,1%) бағалары төмендеді.
Бірінші сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нан, сүйекті сиыр еті, тауық еті, құс еті, ет фаршы, сүзбе, айран және шай бағалары есепті аптада өзгеріссіз қалды.


