Қазақстанда ауа сапасын жақсарту үшін 666 млрд доллар қажет

0
668

Электр энергиясы мен жылу өндірісіне 305 млрд доллар инвестиция қажет.


Қазақстанда ауа сапасын жақсарту үшін 666 млрд доллар қажет

ERNUR.KZ. Қазақстанда 2060 жылға дейін көміртекті бейтараптыққа көшуі үшін 666 млрд доллардан астам қосымша қаражат қажет, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Қазақстанның 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу доктринасында» елде энергетика секторындағы негізгі қорлар айтарлықтай тозғаны айтылады. Осыған байланысты сектор тіпті декарбонизациясыз 2030 жылға дейін инвестицияларды едәуір арттыруды қажет етеді. Бұл ретте, осы мәселеде «жасыл» технологияларды енгізсе парниктік газдар шығарындыларын азайтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, көміртегі бейтараптығына қол жеткізу үшін таза қосымша инвестициялар 2021-2060 жылдар аралығында шамамен 666,5 млрд долларға бағаланады. Осы кезеңде парниктік газдар шығарындылары СО2-экв 9,3 млрд тоннаға төмендейді деп күтілуде. Нәтижесінде декарбонизация СО2 экв тоннасы 71,5 доллар тұрады.

Экология министрлігі көміртекті бейтараптық сценарийіне сәйкес инвестиция деңгейі 2060 жылға дейін тұрақты өсетінін атап өтті. Дегенмен 2029 жылдан кейін қаржыландыру қарқынының аздап төмендеуі мүмкін. Ведомствода мемлекеттің қатысуын азайту үшін жеке инвестицияларды тұрақты тартудың маңыздылығын атап өтті.

Ведомствоның болжауынша, қаржыландыру төмен көміртекті және көміртексіз жобаларға бағытталады. Бұл ретте пайдалы қазбаларды өндіру үлесін азайту қажет.

Сол сияқты электр энергиясы мен жылу өндірісіне қомақты инвестиция қажет – 305 млрд доллар немесе инвестициялардың жалпы көлемінің 46 пайызы. Көлікке 25 пайызын, өнеркәсіпке 10 пайызын, ғимараттарға 9 пайызын, ауыл шаруашылығына 7 пайызын, көміртекті ұстау және сақтау технологиясына 37,5 млрд доллар немесе жалпы қаражат көлемінің 6 пайызын жіберу керек.

Осының есебінен экономикалық өсім 2060 жылға қарай +185 пайызға жетеді деп күтілуде. Жан басына шаққандағы ЖІӨ 19,2 мың долларға дейін өседі (2020 жылы – 9,06 мың доллар).