Қазақстанда ауру белгісі жоқ науқастар енді ауруханаға жатқызылмайды

0
870

Мұндай емделушілер үшін бақылау мерзімі де өзгерді.


Қазақстанда ауру белгісі жоқ науқастар енді ауруханаға жатқызылмайды

ERNUR.KZ. Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов онлайн-брифинг барысында елімізде неліктен симптомсыз науқастар емдеуге жатқызылмайтынын түсіндірді, деп жазады Tengrinews.kz.


"Бұл санаттағы адамдарда вирус белгілері әлсіз және олар басқаларға қауіпті аз төндіреді. Осыған байланысты біз симптомсыз адамдарға қатысты тактиканы өзгерттік. Кеше біз біріккен комиссияда, барлық ғалыммен талқылай отырып, осы санаттағы адамдарды ауруханаға жатқызбау туралы шешімге келдік", - деді Елжан Біртанов.

Ол сондай-ақ, мұндай емделушілер үшін бақылау мерзімі өзгергенін атап өтті. Оларды енді 14 күннің орнына үйде тек 10 күн қадағалайды.

"Сәуірдің екінші жартысында вирус тарауының алдын алу мақсатында дені сау адамдарды да тестілей бастадық. Көптеген симптомсыз, жасырын ошақтар барын көрдік. Бір қызығы, вирус жұқтырғандардың өсуі симптомсыздар үлесінің арту есебінен жүріп жатыр. Яғни, бүгінде біз 25 мыңға жуық адамды тестілеуден өткізіп жатырмыз, ол тегін жүргізіледі, тәулігіне шамамен 300 адам, олардың 80 пайызы өздерін науқас сезінбейді. Кей күні бұл көрсеткіш 85 пайызға дейін жетеді. Бірақ Қазақстанда тіркелген адамдардың басым бөлігі ауру емес, вирус тасымалдаушы саналады", - деді ол.