10 желтоқсанда цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді.
ERNUR.KZ. Үкімет мүшелері ауыл шаруашылығы жануарларын тіркейтін VET-Mobile мобильді қосымшасын енгізу мәселесі талқылады, деп жазады baq.kz.
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов 10 желтоқсанда цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді.
Отырыста ауыл шаруашылығы жануарларын тіркеуге және ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралардың жыл сайынғы тізімдемесін жүргізуге мүмкіндік беретін VET-Mobile мобильді қосымшасын енгізу мәселесі қаралды, - делінген хабарламада.
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің сөзінше, бұл қосымша ветеринар дәрігерлердің жұмысын едәуір жеңілдетуге мүмкіндік береді және ол интернетсіз жұмыс істей алады, бұл шалғайдағы елді мекендер үшін аса маңызды.