Қазақстанда азаматтардың жеке деректерін жария еткендерге жаза күшейтіледі

0
858

Былтыр қолданушылардың жеке деректері туралы 11 млн жазба қолды болған.


Қазақстанда азаматтардың жеке деректерін жария еткендерге жаза күшейтіледі

ERNUR.KZ. Бұл туралы салалық министрліктегі ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіхалықов мәлім етті, деп жазады ulysmedia.kz.

Оның сөзінше, қазақстандықтардың жеке деректеріне қол сұққандарға айыппұл көлемі бірнеше есеге өседі.

"Қазір жаза 10-500 айлық есептік көрсеткіш арасында екенін еске салайын. Бұл шара жеке деректердің ұрлану фактісін азайтады",- дейді Руслан Әбдіхалықов.

Маманның сөзінше, былтыр қолданушылардың жеке деректері туралы 11 млн жазба қолды болған. Жеке деректердің таралуына байланысты 8 бизнес субъектісі және 15 жеке тұлға жауапқа тартылыпты. Сондай-ақ, дербес деректерді өңдеу операторлары тарату фактілерін бірден меморгандарға хабарлауға міндеттелді.