Қазақстанда бір күнде коронавирус пен пневмониядан 22 адам қайтыс болды

0
499

Пандемия басталғалы Қазақстанда коронавирустан 3 805 адам қайтыс болды.


Қазақстанда бір күнде коронавирус пен пневмониядан 22 адам қайтыс болды

Қазақстанда коронавирус пен пнвемониядан 22 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Коронавирус инфекциясынан

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 5
  • Алматы қаласы - 2
  • Ақмола облысы – 1
  • Ақтөбе облысы - 1
  • Батыс Қазақстан облысы - 1
  • Қарағанды облысы - 4
  • Қызылорда облысы - 2
  • Павлодар облысы - 2


Пневмониядан

  • Алматы қаласы – 2
  • Ақтөбе облысы - 2


Пандемия басталғалы Қазақстанда коронавирустан 3 805 адам, COVID-19 белгілері бар пневмониядан 3 344 қазақстандық қайтыс болды.

24 мамырдағы мәлімет бойынша, 33 002 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 13 030 пациент стационарда, 19 972 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Коронавирус пен пневмонияға шалдыққандар арасында 729 адамның жағдайы ауыр, 178 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағаланған. 99 адам жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

Айта кетейік, бір тәулікте Қазақстанда 1 832 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Пандемия басталғалы 375 014 адамнан COVID-19 инфекциясы табылды.