Қазақстанда бір күнде коронавирус пен пневмониядан 36 адам қайтыс болды

0
435

29 адам коронавирустан, 7 науқас коронавирустық инфекция белгілері бар пневмониядан қайтыс болды.


Қазақстанда бір күнде коронавирус пен пневмониядан 36 адам қайтыс болды

Қазақстанда 25 сәуірде бір тәулік ішінде коронавирус пен пневмониядан 36 адам қайтыс болды, тағы 179 науқастың жағдайы ауыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қайтыс болғандар ішінде 29 науқастың коронавирус жұқтырғаны расталған, тағы жетеуі коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырған. Бірақ ПТР-сынамасы теріс нәтиже көрсеткен.

2021 жылғы 25 сәуірдегі мәлімет бойынша 12 жаңа жағдай тіркелді, 7 жағдай өліммен аяқталған. 55 адам жазылып шыққан.

27 сәуірдегі мәлімет бойынша, 42 260 адам коронавирус инфекциясынан (41 861 КВИ+ және 399 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 14 785 науқас стационарда, 27 475 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 756 адамның жағдайы ауыр;
• 179 науқастың жағдайы өте ауыр;
• 110 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.