Қазақстанда былтыр 4 мыңға жуық адам өз-өзіне қол жұмсаған

0
800

Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 263 адамға көп.


Қазақстанда былтыр 4 мыңға жуық адам өз-өзіне қол жұмсаған

ERNUR.KZ. Бас прокуратура жақында таратқан мәлімет бойынша елімізде былтыр 3805 адам өз-өзіне қол жұмсаған, деп жазады tengrinews.kz.

Прокуратура мәліметінше, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 263 адамға көп.

Суицид мәселесімен айналысатын психиатр Екатерина Миронова қоғамда ешкімнің кәсіби маманға жүгінбейтінін айтады. Оның айтуынша, психотерапевтке бару көпшілік үшін өзін дені сау емес деп есептеумен бірдей.

Ал Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рақымбек Жолаевтың айтуынша, бұл мәселеде барлық кінәні ұстаздар мен психологтарға жабуға болмайды.

"Мен мектеп ұстаздары немесе психологтар дұрыс жұмыс істемейді немесе солардың кесірінен осындай жағдайлар болып жатыр деген уәжбен келіспеймін. Бұл қоғамның мәселесі. Әсіресе, отбасындағы мәселелер - көбіне 80 пайызында отбасындағы жағдай әсер етеді. Баласына деген сенімсіздік, балаға тым қатты талап қою, баламен сөйлеспеу, бала алдында ата-ана міндетін орындамау, достары арасында қысымға ұшырауы - осының барлығы әсер етеді", - дейді Рақымбек Жолаев.

Сюжеттегі сарапшылардың айтуынша, суицидтің алдын алу үшін білікті мамандармен жұмыс істеу қажет.