Тәуелсіздік жылдарында тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 465 млрд АҚШ долларынан асты.
ERNUR.KZ. Жыл басынан бері Қазақстанның ЖІӨ өсімі 6,5%-ды құрады, оның ішінде нақты сектор 8,8%-ға, қызмет көрсету саласы 5,1%-ға өсті. Негізгі капиталға салынған инвестициялар ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша 14,3%-ға өсіп, 11,5 трлн теңгеге жетті. Осылайша, инвестициялардың өсуі қарқынды жүріп жатыр. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов мәлімдеді.
2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда НКИ өсімін қаржылық және сақтандыру қызметі — 204%, білім беру — 193%, өңдеу өнеркәсібі — 134%, ауыл шаруашылығы — 129%, көлік — 115%, жылжымайтын мүлікпен операциялар — 111%-ды көрсетті.
Тәуелсіздік жылдарында тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 465 млрд АҚШ долларынан асты. 2025 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанға құйылған тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 6,6 млрд долларды құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,2%-ға артық. Сонымен қатар спикер әлемнің жетекші рейтингтік агенттіктері ұсынатын егеменді рейтингтерге тоқталды.
«Шамамен бір ай бұрын Standard & Poor's outlook-ті стандарттан позитивтіге қайта қарайтынын мәлімдеді. Moody's биыл әлі шешім қабылдаған жоқ. Өткен жылы Moody's Қазақстанның рейтингін BАА1 деңгейіне көтерді, бұл ААА рейтингтер тобына өте жақын. Бұл - біз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері алған ең жоғары рейтинг. Тағы бір рейтингтік агенттік те пропорционалды инвестициялық рейтингтерді тағайындайды», – деді ол.