2019 жылдың мамыр айындағы жағдай бойынша, Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі бір жылда 7 пайызға өскен.
ERNUR.KZ. Елімізде ең төменгі күнкөріс деңгейі 34 500 теңгеге жетті, - деп жазады tengrinews.kz.
Сарапшылардың мәліметінше, 2019 жылдың мамыр айындағы жағдай бойынша, Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі бір жылда 7 пайызға өсіп, 28 300 теңгеге жеткен. Олардың 15 600 теңге - азық-түлік тауарларына жұмсалса, 12 700 теңге азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызмет түрлеріне жұмсалған.
"Былтыр мамыр айында ең төменгі күнкөріс деңгейі 26 500 теңге болды. Айта кететін жайт, биыл азық-түлік пен қызмет түрлері 5,3 пайыза қымбаттады", - дейді мамандар.