Қазақстанда енді адам аңдығандар қылмыстық жазаға тартылады

0
134

Сталкинг бойынша норма Қылмыстық кодексті оңтайландыру туралы заң жобасына енгізіліп, оны жұмыс тобы қабылдады.


Қазақстанда енді адам аңдығандар қылмыстық жазаға тартылады

Фото: Shutterstock

ERNUR.KZ. Депутат адамды аңдитындар қылмыстық жазаға тартылатынын мәлімдеді, деп жазады stan.kz.

Сталкинг бойынша норма Қылмыстық кодексті оңтайландыру туралы заң жобасына енгізіліп, оны жұмыс тобы қабылдады. Депутат Абзал Құспан келесі аптада құжат палатаның қарауына берілетінін айтады.

Сталкерлерге болашақта айыппұл салынады. Депутаттың айтуынша, мұндай құқықбұзушылыққа бұдан ауыр жаза берілмейді.

"Қылмыстық кодекске жаңа нормаларды енгізген кезде оларды өте мұқият енгізу, құқық қолдану тәжірибесін, тергеу тәжірибесін, сот тәжірибесін қарастырып, сот және тергеу тәжірибесін зерделеу мен талдау нәтижелеріне сүйене отырып, санкцияларды қатайтуға болады", – деді Абзал Құспан.