Бұл туралы бүгін Тоқаев мәлім етті.
Фото: Ақорда
ERNUR.KZ. Бүгін Астанада өткен Волонтерлер форумында президент Қасым-Жомарт Тоқаев волонтердің цифрлық паспортын жасау туралы ұсынысқа қолдау білдірді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Яғни, президент бұл саланы цифрландыру мәселесін қозғады.
«Волонтерлік қызметте жаңа технологияларды кеңінен пайдалану керек. Мен Жолдауымда Қазақстан үш жыл ішінде толық цифрлық ел болуға тиіс деген міндет қойдым. Соған сәйкес нақты жұмыс істеліп жатыр», - дейді Тоқаев.
Яғни, президенттің айтуынша, ел өмірінің барлық саласына озық технология тәсілдері, әсіресе, жасанды интеллект жүйесі енгізіле бастады. Еріктілер қозғалысы да бұл жұмыстан шет қалмауы керек.
«Мен волонтердің цифрлық паспортын жасау туралы ұсынысты толық қолдаймын», - деді Тоқаев.


