Қазақстанда қанша Hayat-Vax және CoronaVac вакциналары қалды?

0
427

Бұған дейін Нұр-Сұлтан және Алматы әкімдіктері Hayat-Vax және CoronaVac коронавирусқа қарсы вакциналар қорының сарқылғаны туралы ақпаратты растаған болатын.


Қазақстанда қанша Hayat-Vax және CoronaVac вакциналары қалды?

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда Hayat-Vax және CoronaVac вакциналарының қанша қоры қалғанын айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

Елде Hayat-Vax вакцинасының 185 мың дозасы қалды.

"Оның ішінде бірінші доза - 13 мың. 11 өңірде: ШҚО, Ақмола, Алматы, Қарағанды, Түркістан облыстарында және Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында вакцинаның алғашқы дозасы жоқ.
Екінші дозаның 172 мыңы қалды. Ол барлық өңірде бар және осы вакцинаның алғашқы дозасын алғандарға ғана арналған", - деді Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіндегілер.

CoronaVac вакцинасының 260 мың дозасы қалған.

"Оның ішінде бірінші дозасы - 47 мың. Барлық өңірлерде бар. Бірақ ШҚО мен Қызылорда облысында 300 дозадан аз қалған. Екінші дозасы - 207 мың. Барлық өңірлерде бар", - деді ведомстводағылар.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан және Алматы әкімдіктері Hayat-Vax және CoronaVac коронавирусқа қарсы вакциналар қорының сарқылғаны туралы ақпаратты растаған болатын.

Қазақстанда қазір вакциналардың төрт түрі бар: қазақстандық QazVac, ресейлік "Спутник V", қытайлық Hayat-Vax және CoronaVac. Әр вакцинаның ерекшеліктерін Назарбаев университетінің ғылыми, PhD, профессоры, Medsupportkz негізін қалаушы және еріктісі Дана Ақылбекова сипаттады. Оның сипаттамасы вакциналар туралы ашық ғылыми дәлелдерге негізделген.