​Қазақстанда кеден қызметкерлерінің жаңа формасы бекітілді (фото)

0
3 306

Бұйрық adilet.zan.kz-те жарияланды.


​Қазақстанда кеден қызметкерлерінің жаңа формасы бекітілді (фото)

ERNUR.KZ. Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге арналған жаңа формалар бекітілді. Тиісті бұйрыққа премьер-министрдің бірінші орынбасары - қаржы министрі Әлихан Смайылов қол қойды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бекітілген киім үлгісі мемлекеттік шекараны бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлерге арналған, бұл ЕЭО-ның кедендік шекарасына сәйкес келмейтіні айтылды.

Құжат арқылы сондай-ақ экипировканы кию ережелері, мерзімі, айырмашылық белгісі және оны қолдану құқығы бар қызметкерлердің тізімін реттейді.

Бұйрық adilet.zan.kz-те жарияланды.

Ол 2019 жылғы 1 шілдеде Әділет министрлігінде тіркелген.

Ерлерге арналған киім жиынтығы 23, ал әйелдердікі 24 бөлімді қамтиды. Дала формасы екі жыныстағы қызметкерлер үшін де алты данадан тұрады.

Жігіттер формасы. Эскиз: adilet.zan.kz

Форманың ортасында мемлекеттік кірістер органдарының логотиі болады. Оның үстінде "QAZAQSTAN", астында "MEMLEKETTIK KIRISTER ORGANDARY" жазуы болады.

Қыздар формасы. Эскиз: adilet.zan.kz