Қазақстанда халық саны шамамен 164 мың адамға көбейді

0
487

2022 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша қазақстандықтардың саны 19 миллион 666 мың 800 адам болды.


Қазақстанда халық саны шамамен 164 мың адамға көбейді

ERNUR.KZ. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, жыл басынан бері халық саны 163,7 мың адамға немесе 0,8% өсті, деп жазады zakon.kz.

2022 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша қазақстандықтардың саны 19 миллион 666 мың 800 адам болды. Бұл ретте 12 млн 131 мың 100 адам (61,7%) қалада, 7 млн 535 мың 700 адам (38,3%) ауылдық жерде тұрады.

Республика халқының табиғи өсімі 8 айда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,6% төмендеп, 172,4 мың адам болды.

АХАЖ мәліметтері бойынша, қаңтар-тамызда Қазақстанда 263,8 мың адам дүниеге келген. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11% аз. 1000 адамға шаққандағы туудың жалпы коэффициенті 20,19 туылды.

Сонымен қатар 91,4 мың адам қайтыс болды. Бұл өткен жылдың қаңтар-тамыз айларымен салыстырғанда 22,3% аз. Жалпы өлім көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 7 өлім болды.

Сәби өліміне келсек, ол да 5,8% төмендеді. Өйткені республикада 2208 нәресте өлімі тіркелді. Жалпы нәресте өлімінің көрсеткіші 1000 туылғанға шаққанда 8,37 жағдай болды.