Қазақстанда көлік қымбаттап кетті

0
123

Армения мен Беларусь сияқты ЕАЭО-ның басқа елдерінде бір жыл ішінде көлік арзандаған, ал Қырғызстан мен Ресейде баға 0,2 және 1,4 пайызға ғана өсті.


Қазақстанда көлік қымбаттап кетті

Фото:Tengrinews.kz / Алихан Сариев

ERNUR.KZ. 2025 жылғы маусымда Қазақстанда жеңіл көліктің бағасы былтырмен салыстырғанда 11,6 пайызға өсті. Бұл - ЕАЭО елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіш, бұл елдерде орташа өсім небәрі 2,2 пайыз болады. Мұндай ақпаратты Data Hub жариялады, деп жазады tengrinews.kz.

Армения мен Беларусь сияқты ЕАЭО-ның басқа елдерінде бір жыл ішінде көлік арзандаған, ал Қырғызстан мен Ресейде баға 0,2 және 1,4 пайызға ғана өсті.

2025 жылғы бірінші жартыжылдықта көлік бағасы тек Қазақстан мен Ресейде өскен: Қазақстанда 9,3 пайызға, Ресейде 2,8 пайызға.

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, Қазақстанда көлік қымбаттап кетуіне жаңа көліктер әсер етіп отыр, олар маусымның қорытындысы бойынша жылдық есепте 21,3 пайызға қымбаттаған. Елде ескі көліктер арзандапты.

Айта кетейік, 2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген көліктердің саны 6,3 миллионға жетіп отыр.