Қазақстанда көлікті бес минуттан артық қыздырғандарға айыппұл жоқ – Ішкі істер министрлігі

0
87


Қазақстанда көлікті бес минуттан артық қыздырғандарға айыппұл жоқ – Ішкі істер министрлігі

ERNUR.KZ. Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха көлікті 5 минуттан артық қыздырғаны үшін айыппұл салатын заң жоқ екенін айтты, деп жазады Stan.kz.



Мәжілісте депутаттардың бірі көлікті 5 минуттан артық қыздырғаны үшін жаза қарастыратын заңды алып тастауды сұрады. Бірақ вице-министр ақпарат бұрмаланып кеткенін түсіндірді.

Ол жол қозғалысы туралы заңда "тоқтау" және "тұраққа қою" ұғымдары бар екенін айтады.

"Бес минутта көлікті қыздырсын деп айтылмаған. Қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған механикалық көліктердің тұрғындарға ыңғайсыздық тудыратындай етіп, елді мекендерде тоқтауына тыйым салынады. Біз тек шағым бойынша адамдарды осы ережемен жауапкершілікке тартамыз. Өткен жылы мұндай үш оқиға тіркеліп, прокуратура оның біреуінің күшін жойған. Яғни қозғалтқышты қыздырғаны үшін ешкімді жауапкершілікке тартпаймыз, – деді Лепеха.