Үкімет тарапынан осы мақсатта 18 миллиард теңге бөлінген.
иллюстрациялық фото
ERNUR.KZ. Елімізде коронавируспен күресуге қажетті дәрі-дәрмек тапшылығы жоқ, деп жазады 24.kz.
Бұл туралы бүгін медициналық сақтандыру қоры ұйымдастырған онлайн брифингте «СҚ-Фармация» компаниясының өкілдері мәлімдеді.
Үкімет тарапынан осы мақсатта 18 миллиард теңге бөлінген. Оның 13 миллионы - Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырысы.
Қалған 5 миллиард басқа медициналық ведомстволарға тиесілі. Аталмыш қаражат есебінен дәрі-дәрмек қана емес, арнайы костюмдер, техника және тест жүйелері сатып алынды.
Қазіргі таңда отандық компаниялар науқастарға тегін берілетін дәрі-дәрмектің басым бөлігін шығарып жатыр. Биыл бұл кәсіпорындармен құны 62 миллиард теңге болатын келісім-шарт жасалды.