Вакциналаудың ең жоғары көрсеткіші Алматы қаласында тіркеліп отыр.
Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші дозасын алғандардың саны 5 миллион адамнан асты, деп хабарлайды ERNUR.KZ денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, вакциналаудан толығымен өткен, яғни, екпенің компонентін салдырған адамдардың саны 3 миллионға жақындады.
Бүгінде вакциналаудың ең жоғары көрсеткіші Алматы қаласында тіркеліп отыр. Ол жерде 415 мың адам екпе салдырды. Одан кейін Түркістан облысы (320 мың адам) және Алматы облысы (291 мың адам) келеді.
Ал Нұр-Сұлтанда вакцинаның екі бірдей дозасын алған адамдардың саны 207 мыңға жетті.