Қазақстанда бес жаңа вакцина шығару жоспарлануда.
ERNUR.KZ. Қазақстанда коронавирусқа қарсы тағы да бірнеше препараттар дайындалып жатыр, деп жазады Stan.kz.
Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтып берді.
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен еліміздің мемлекеттік органдарының басшылары мен жетекші ғалымдарының қатысуымен биологиялық қауіпсіздік жөніндегі кеңестің отырысы өтті.
Сондай-ақ коронавирусқа қарсы отандық препараттардың "Назарбаев Университеті" АҚ, Жұқпалы препараттарға қарсы ғылыми орталық, Фитохимия холдингі, "ДВ Сокольский отын, катализ және электрохимия институты" АҚ, "Ғылыми-өндірістік Микробиология және вирусология орталығында" дайындалу мәселесі талқыланды.
Қазақстанда бес жаңа вакцина шығару жоспарлануда.
Кеңес отырысының қорытындысы бойынша Тоғжанов эпидемиологиялық сынақтардан қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ғылыми-инновациялық қызметтің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құруды тапсырды.
Ғылыми-инновациялық жұмыстарды енгізудің кешенді жоспарын әзірлеу, эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған ғылыми-инновациялық жобаларды мақсатты қаржыландыруды қамтамасыз ету және жұқпалы ауруларға арналған дәрілік заттардың жаңа түрлерін әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу мәселелері де көтерілді.
Сондай-ақ биологиялық қауіпсіздік саласындағы отандық ғылыми мекемелердің ғылыми, кадрлық, материалдық-техникалық әлеуетін дамытуға талдау жасап, нақты ұсыныстар енгізу тапсырылды.