Қазақстанда Құрбан айт мейрамының бірінші күні 16 маусымнан басталатын болды

0
496

Мүфтияттың мәлімдеуінше, зул-хижжа айының алғашқы он күнінде барынша ықыласпен ғибадат етіп, көбірек ізгі істер мен жақсы амалдар жасауға тырысу керек.


Қазақстанда Құрбан айт мейрамының бірінші күні 16 маусымнан басталатын болды

ERNUR.KZ. Бүгін 7 маусымда һижри жыл санауы бойынша зул-хижжа айы басталды. ҚМДБ халықты келе жатқан мерекемен құттықтады, деп жазады Stan.kz.




Арапа күні биыл 15 маусымға сәйкес келеді. 16 маусым – Құрбан айт мерекесінің бірінші күні.

“Ислам дінінде қасиетті күндер, түндер және айлар қамари жыл санауы негізінде анықталады. Мұндай жыл санақ ай фазасының өзгеруіне қарай есептеледі. Жаңа айдың (һиләлдың) көрінуімен жаңа ай басталады. Қамари ай кейде 29 не 30 күн болады.

Зул-хижжа айын анықтау үшін зул-қағда айының 29-ында айды бақылайды. Күн батқан кезде жаңа ай көрінсе, келесі күні зул-хижжа айы басталған болып саналады. Егер ауа бұлтты болып, ай көрінбесе, зул-қағда айын 30 күнге толықтырады”, – деп мәлімдеді ҚМДБ.

6 маусымда жаңа айдың көрінуіне байланысты биыл зул-хижжа айы 7 маусымда басталып, арапа 15 маусымға, ал құрбан айт 16 маусымға сай келеді.

Мүфтияттың мәлімдеуінше, зул-хижжа айының алғашқы он күнінде барынша ықыласпен ғибадат етіп, көбірек ізгі істер мен жақсы амалдар жасауға тырысу керек. Өйткені сол уақытта орындалған игі істердің сауабы еселеніп жазылады дейді. Арапа күні ораза ұстау сүннет боп саналады дейді.

“Құрбан айт намазынан кейін үш күн ішінде жағдайы келген мұсылманға құрбандық шалу – міндет.

Алла Тағала елімізге амандық, жұртымызға тыныштық бергей. Ізгі ниетпен шалатын құрбандығымыз, қажылық сапарында жүрген отандастарымыздың қажылығы қабыл болғай”, – делінген ведомоствосында.