Қазақстанда L сериялы сары нөмірлі көліктер кімге тиесілі?

0
2 678

Көліктердегі L әрпі Алматыда қолданыла бастады.


Қазақстанда L сериялы сары нөмірлі көліктер кімге тиесілі?

ERNUR.KZ. Алматыда L әріпі бар сары нөмірлі көліктер жүр. Ал көлікті тіркеу ережесінде мұндай әріпі бар серия туралы жазылмаған, деп жазады zakon.kz.

"Азаматтарға арналған үкімет" мамандары түсіндіргендей, әріптік белгілер тізімі ҚР ІІМ бұйрығына сай кеңейтілді.

Енді L литерасы бар нөмір шетелдік заңды тұлға иелік ететін, бірақ Қазақстан аумағында тіркелген көліктерге беріледі.

Бұрын ондай машиналарға Н және С сериялы мемлекеттік нөмір тағылатын, алайда Алматыда нөмірлер тізбесі таусылыпты (әр серияның саны 9999 тізбеден аспайды). Сондықтан L әрпі қолданыла бастады.