Қазақстанда небәрі 96 соғыс ардагері қалды

0
128

Сонымен қатар 37 626 тыл еңбеккері бар.


Қазақстанда небәрі 96 соғыс ардагері қалды

фото: Сайт Минобороны Казахстана

ERNUR.KZ. Қазақстанда 80 932 ардагер тұрады, оның ішінде 96 Ұлы Отан соғысының ардагері, деп жазады sputnik.kz.
Жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген 16 630 ардагер, 26 580 басқа мемлекеттердің аумағында ұрыс қимылдарының ардагерлері, 37 626 ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккерлері бар.
"Жыл басынан бері бұл санаттардағы азаматтарға 8,5 млрд теңге сомасында арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленді. 2025 жылы осы мақсаттарға 17 млрд теңге қарастырылған", - дейді ведомство.
Республикалық бюджеттен берілетін ай сайынғы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы ардагерлердің барлық санатына, өзге де әлеуметтік төлемдерді алуына қарамастан, мынадай мөлшерде төленеді:
1. ҰОС ардагерлері – 62 912 теңге;
2. жеңілдіктері бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, олардың ішінде:
ҰОС кезеңінде жарақат алуы, контузия алуы, мертігуі немесе ауру салдарынан мүгедектігі бар адамдарға жеңілдіктер бойынша теңестірілген адамдар – 29 687 теңге;
жеңілдіктер бойынша ҰОС қатысушыларына теңестірілген тұлғалар – 24 339 теңге.
3. басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, оның ішінде:
Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысушылар – 24 339 теңге;
Тәжік-Ауған учаскесінде ТМД шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі міндеттерді орындаған, Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға, Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер – 18 874 теңге.
4. ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккерлеріне – 8 376 теңге төленеді.