Қазақстанда некеге мектеп жасынан бастап дайындау ұсынылды

0
211

Аталған ұсынысты бүгін сенатор Жанна Асанова ұсынды.


Қазақстанда некеге мектеп жасынан бастап дайындау ұсынылды

фото:Ulysmedia коллажы

ERNUR.KZ. Сенатордың айтуынша, жастар некеге отырғанымен, шаруаға епсіз болып шығады. Тұрмыстық шаруаларды атқара алмайды. Мұның бәрі тұрмыстық жанжалға апарып соғады. Соның салдарынан ажырасқандар көп, деп жазады ulysmedia.kz.

Қазір балалардың тұтас бір буынының әкесі немесе шешесі жоқ. Қазақстанда шамамен бір жылда некелердің жартысы ажырасумен аяқталады. Тенденция тұрақты. Тіпті өсіп барады. 2021 жылы 141 мың отбасының 60 мыңы ажырасса, 2024 жылы 125 мың некенің 61 мыңы ажырасып кеткенін көріп отырмыз. Мұндай тенденцияны тоқтату үшін көңіл бөлуіміз керек, – дейді ол.
– Біз отбасы институтын дамытуымыз керек. Алайда қазір ата-аналардың көбі балаларды оқытуға, толық дағдыға үйретуге мүмкіндік таппай жатады. Осыған байланысты алдын алу шараларын қабылдау керек. Ол үшін сенатор орта және жоғары сынып оқушыларына өмірлік қажеттілігі бар дағдыларға үйрету керек. Тігін тігу, тамақ пісіру, тас қалау, үй жөндеу, тұрмыстық техникаларды жөндеу, алғашқы медициналық көмек, төтенше жағдайлардағы дағды, өзін-өзі қорғау, қаржылық сауаттылық – бәрін үйрету керек. Мұның бәрі балаларға өзін дамытуға көмектеседі, – дейді ол.

Сенатордың айтуынша, мұндай тәжірибе Оңтүстік Корея сынды дамыған елдерде бар.