Қазақстанда Pfizer вакцинасы уақытша тіркеуден өтті

0
533

Вакцинаны қолдану жөніндегі нұсқаулықта препарат ересектер мен 12 жастан асқан жасөспірімдерге арналған деп көрсетілген.


Қазақстанда Pfizer вакцинасы уақытша тіркеуден өтті

ERNUR.KZ. Pfizer-BioNTech Comirnaty вакцинасы ("Kомиранти") Қазақстанда уақытша тіркеуден өтті, деп жазады zakon.kz.

Денсаулық сақтау министрлігі 23 тамызда Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті "Комирнати" вакцинасына сегіз ай мерзімге уақытша тіркеу куәлігін бергенін хабарлайды.

Комирнати вакцинасын Pfizer мен BionTech компаниялары бірлесіп жасаған. Вакцинаны қолдану жөніндегі нұсқаулықта препарат ересектер мен 12 жастан асқан жасөспірімдерге арналған деп көрсетілген.

Бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бұл вакцина тек жүкті әйелдер мен балаларға ғана қолжетімді болатынын айтқан болатын. Бұл ретте балаларға тек ата анасының немесе заңды өкілінің рұқсатымен екпе есалынатыны айтылады.