​Қазақстанда пойыздардың жүру кестесі өзгереді

0
2 789

Жазғы кезеңде іске қосылатын қосымша пойыздар келесі тәртіпте сақталады:


​Қазақстанда пойыздардың жүру кестесі өзгереді

ERNUR.KZ. 9 желтоқсаннан бастап 2018-2019 жылдарға арналған пойыз қозғалысының жаңа кестесі енгізіледі, деп хабарлайды sputniknews.kz "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы жылдың 9 желтоқсанынан бастап "Ресей темір жолы" ААҚ-мен бірлесіп, күнара жүретін "Қарағанды-Томск-2" бағытындағы №363/364 пойызын жолға шығару жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, Бейнеу – Атырау – Қиғаш арқылы "УТЙ" АҚ жасақтаған "Ташкент – Мәскеу" бағытындағы №349/350 пойызы аптасына бір рет жүреді.

Жолаушылардың өтініш-тілегімен Қазақстанның инвестициялар және даму министрлігімен келісе отырып, "Алматы-2 – Маңғыстау" бағытында қатынайтын №377/378 пойызының жол жүру уақыты 4 сағатқа қысқартылды.

2019 жылдың 2 қаңтарынан бастап "Алматы-2 – Орал" бағытындағы №49/50 пойыздың жүру жолы өзгереді. Пойыз (Шымкент-Қызылорда станциясының орнына) Астана – Тобыл станциясы арқылы жүреді.

Жазғы кезеңде іске қосылатын қосымша пойыздар келесі тәртіпте сақталады:

№ 152/151 Астана – Алматы, жиілігі күнара;

№ 162/161 Алматы – Семей, жиілігі күнара;

№ 173/174 Алматы – Шымкент, жиілігі күнара;

№ 176/175 Алматы – Түркістан, жиілігі күнара;

№ 251/252 Самарқанд – Астана, жиілігі аптасына бір рет;

№ 253/254 Астана – Достық, жиілігі аптасына 2 рет.

Пойыздардың жүру кестесіне қатысты барлық ақпаратты "105" нөміріне хабарласып білуге болады.