Қазақстан нарығында COVID-19-ға ПТР-тестілеуді 36-ға жуық компания өткізеді.
Ведомство Қазақстанның клиникалық-диагностикалық зертханаларымен тиісті келісім жасасты.
"2021 жылдың ақпан айындағы жағдай бойынша реагенттерді сатып алуға ағымдағы шығындарды талдау базалық нарық субъектілерін бағаны 9 мың теңгеден 7 мың теңгеге дейін арзандатуға шақыруға мүмкіндік берді: "Олимп "КДЗ-да - 6 500тг (тағы 700 теңге), "INVIVO" ЖШС-де - 6 500 теңге (тағы 1 000 теңге). Бағасының арзандағаны пайдаланылатын реагенттердің сапасына әсер етпейді", - делінген хабарламада.
Зерттеу бағасы анализаторлар паркін кеңейту, жаңа ПТР зертханаларының қуатын арттыру және өндірістік процестерді оңтайландыру арқылы төмендеді
Ведомствоның мәліметінше, Қазақстан нарығында COVID-19-ға ПТР-тестілеуді 36-ға жуық компания өткізеді, бұл ретте негізгі нарықтық үлесті үш "ОЛИМП" КДЗ (61%), "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК (12%) және "INVIVO" ЖШС (5%) алады. Айта кетейік, Ұлттық сараптама орталығында ПТР-тест бағасы қазір 8 025 теңге.
Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын ПТР-тест бағасы төмендеген болатын: бастапқыда баға диапазоны 18 000 теңгеден 11 500 теңгеге дейін құбылып тұрды, бұдан әрі тест бағасы 2020 жылғы қазанда нарық бойынша орташа есеппен 9 000 теңгеге дейін төмендеді.