Науқан шеңберінде өңірлерге және ауылдық елді мекендерге жылжымалы медициналық кешендер шығады, олардың құрамында педиатрлар, офтальмологтар, стоматологтар, хирургтер және басқа да мамандар жұмыс істейді.
ERNUR.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жазғы кезеңде балалардың денсаулығын сақтауға бағытталған «Салауатты жаз – 2025» жыл сайынғы профилактикалық науқанын бастады. Бағдарлама бүкіл жазғы маусымды қамтиды және медициналық қарап-тексерулерді, білім беру акцияларын, мектептің медицина қызметкерлерін оқытуды және басқа да іс-шараларды қамтиды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Науқан шеңберінде өңірлерге және ауылдық елді мекендерге жылжымалы медициналық кешендер шығады, олардың құрамында педиатрлар, офтальмологтар, стоматологтар, хирургтер және басқа да мамандар жұмыс істейді. Сондай-ақ, негізгі кезеңде олардан өтпеген балалар үшін қосымша қарап-тексерулер жоспарланған, ал медициналық ұйымдарда «Ашық есік күндері» және «Өз денсаулығыңды тексер» акциялары үнемі өткізілетін болады.
Созылмалы аурулары бар балаларға ерекше назар аударылады: «Салауатты жаз» шеңберінде олар қажетті сауықтыру мен бақылауға ие болады.
Бағдарлама БАҚ-та, әлеуметтік желілерде, мектеп жанындағы және жазғы лагерлерде кең ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын қамтиды. Ата-аналар мен балаларға инфекциялық аурулардың профилактикасы, қауіпсіздік және психоэмоционалды денсаулық мәселелері бойынша жадынамалар, бейнероликтер мен инфографика қолжетімді болады.
Сонымен қатар, тамыз айында оқу жылы қарсаңында мектептің медицина қызметкерлерін – алғашқы көмек көрсету, тамақтануды ұйымдастыру және балаларды психологиялық қолдау бойынша оқыту басталады.