022 жылдың наурыз айынан бастап Қазақстанда ЖСН алған ресейліктер саны 16 есе, украиндықтар үш есеге өсті.
ERNUR.KZ. Жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру тек елде уақытша жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін тоқтатылатыны атап өтілді, деп жазады inbusiness.kz.
"Қызмет 2022 жылдың 1 қазанында қайта қолжетімді болады", - деп жазылған Электронды үкімет порталында.
Айта кететіні, елімізде мемлекеттік органдарға жүгіну және банк шоттарын ашу үшін ЖСН қажет. Оны басқа елдің азаматы бола тұрып алуға болады.
ЖСН тұруға рұқсат немесе азаматтық емес.
2022 жылдың наурыз айынан бастап Қазақстанда ЖСН алған ресейліктер саны 16 есе, украиндықтар үш есеге өсті.
35 782 ресейліктер жеке сәйкестендіру нөмірлерін алды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16 есе (2230), ал 637 украиндықтар өткен жылмен салыстырғанда (213) 3 есе көп.
Еске сала кетсек, осыған дейін қазақстандық банктер ресейліктер үшін төлем карталарын алу ережелерін қатаңдатты.