Қазақстанда тағы бір адамды соққыға жығу оқиғасы видеоға түсіп қалды

0
235

Желіде тараған кадрларда қара футболка киген ер адамның жерде жатқан адамның басынан теуіп, кейін таяққа ұқсас затпен ұра бастағаны көрінеді.


Қазақстанда тағы бір адамды соққыға жығу оқиғасы видеоға түсіп қалды

фото: видеодан скрин

ERNUR.KZ. Алматыда тұрғын үйдің алдында ер адамның екінші адамды соққығы жыққан сәті видеоға түсіп қалды. Кадрлар әлеуметтік желілерде пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде тараған кадрларда қара футболка киген ер адамның жерде жатқан адамның басынан теуіп, кейін таяққа ұқсас затпен ұра бастағаны көрінеді. Жәбірленуші айқайлап, еңбектеп қашуға тырысады, бірақ нәтиже болмайды.

Оның айқайына тұрғын үйден екі ер адам шығады. Олардың бірі араша түсуге тырысқанда, оғанда шабуыл жасалады, артынан егде адамның басына бірнеше соққы тиеді.


Алматы Полиция департаменті бұл оқиға бойынша тергеу жүргізілгенін хабарлады.

"35 жастағы жергілікті тұрғын анықталды. Ол таныс адамдармен жанжал болғанын айтты. Арыз жазудан бас тартты", – деп хабарлады ведомство.

Полиция күдіктілер анықталғанын, олардың әрекеттеріне заңға сәйкес баға беріліп, тиісті шаралар қолданылатынын атап өтті.