Бұрын Алаш аталған Семейге Алашорда үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейханұлының атын беру керек.
ERNUR.KZ. "Ақ Жол" демократиялық партиясының төрағасының орынбасары Қазыбек Иса Петропавл, Павлодар және Семей қалаларының атауын ауыстыруды ұсынды, деп жазады tengrinews.kz.
Мұндай пікірін ол елорда атауын өзгертуді қолдау үшін өткен Демократиялық күштердің "Қазақстан-2050" жалпыұлттық коалициясының отырысында айтты.
"Елбасы есімін Қазақстан елордасына беріп, осы оқиғаға байланысты басқа да қалалардың атауын өзгертуді жалғастыруымыз қажет. Петропавлға өз кезінде орда құрып, үш жүздің басын қосқан Абылай ханның есімін беру керек. Павлодарға халқының тәуелсіздігі үшін күрескен қазақтың соңғы ханы Кенесарының атын беру керек. бұрын Алаш аталған Семейге Алашорда үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейханұлының атын беру керек", - деді Қазыбек Иса.
Қазыбек Иса бұл ұсыныстың өзінің жеке көзқарасы екенін жеткізді.