Бұйрық 2025 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енді.
Фото:depositphotos.com
ERNUR.KZ. Қазақстанда темекінің бөлшек саудадағы ең төменгі бағасы 12,1 пайызға өсіп, 920 теңгеге жетті. Бұл туралы қаржы министрі Мәди Тәкиевтің бұйрығында айтылған, деп жазады tengrinews.kz.
Ведомство басшысы 2022 жылғы 22 ақпандағы №196 "Фильтрлі және фильтрсіз темекіге, папиросқа, сигара мен қыздырылатын темекі өнімдеріне ең төменгі бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы" бұйрығына өзгерістер енгізді.
Бұйрыққа сәйкес, 20 дана фильтрлі және фильтрсіз темекіге, папиросқа, сигараға және қыздырылатын темекі өнімдеріне ең төменгі бөлшек сауда бағасы мынадай болып бекітілді:
- 920 теңге – 2025 жылғы 1 шілдеден бастап 2025 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін (бұрынғы баға – 820 теңге);
- 970 теңге – 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап (бұрын – 870 теңге).
Бұйрық 2025 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енді.