Қаржы министрлігінің қазіргі бұйрығына сәйкес, 2025 жылдың 1 қаңтарынан ең төменгі баға 870 теңге.
© Sputnik / Алексей Даничев
ERNUR.KZ. Қазақстанда темекінің ең төменгі бағасы қайтадан көтерілуі мүмкін, деп жазады sputnik.kz.
Қазақстанның қаржы министрлігі ашық НҚА порталында темекінің ең төменгі бағасын көтеру бойынша бұйрық жобасын жариялады.
"Жобаның мақсаты – фильтрлі, фильтрсіз темекіге, папиростарға және қыздыратын темекісі бар өнімдерге ең төменгі бөлшек сауда бағасын белгілеу", - делінген хабарламада.
Құжатты 19 маусымға дейін талқылауға болады. Қаржы министрлігінің қазіргі бұйрығына сәйкес, 2025 жылдың 1 қаңтарынан ең төменгі баға 870 теңге.