21 қыркүйектен бастап сұранысқа ие 28 бағыт бойынша теміржол билеттері қымбаттады, ал 11 бағыт бойынша бұрынғы баға қалып отыр.
ERNUR.KZ. Қыркүйек айынан бастап әлеуметтік маңызды облысаралық бағыттар бойынша жүретін пойыз билеттерінің бағасы 10%-ға қымбаттады, деп жазады sputniknews.kz.
Әлеуметтік маңызды 39 бағыттың 28-інің бағасы көтерілді.
Қазақстан темір жолы компаниясының мәліметінше, 11 бағыттағы пойыздың бағасы қымбаттаған жоқ, олар:
1. № 085/086 Нұр-Сұлтан – Сарыағаш бағыты;
2. № 021/022 Қызылорда – Семей бағыты;
3. № 313/314 Атырау – Маңғыстау бағыты;
4. № 339/340 Павлодар – Пресногорьковская бағыты;
5. № 373/374 Алматы – Жезқазған бағыты;
6. № 377/378 Алматы – Маңғыстау бағыты;
7. № 603/604 Нұр-Сұлтан – Арқалық бағыты;
8. № 085/086 Қарағанды – Сарыағаш бағыты;
9. № 021/022 Алматы – Семей бағыты;
10. № 22/6941/6942/21 Алматы – Достық бағыты;
11. № 339-55/56-154 Павлодар – Қызылорда бағыты.
Еске салсақ, биылғы жылдың 28 тамызынан бастап Қазақстанда теміржол билеттерін қайтарған кезде салынып келген айыппұл алынып тасталды.