Мәдениет және спорт министрлігі бұл ұсынысты талқылауға шығармақ.
ERNUR.KZ. Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауында Тенгри деген курорт-қала салу туралы ұсыныс жасалды, деп жазады Zakon.kz.
Қала үшін 2,6 мың га жер бөлінген. Ол жер телімі 2010 жылы "Жаңа-Іле" туристік орталығының жоспарына енген, бірақ онда сол күйі ештеңе салынбаған болатын.
Мәдениет және спорт министрлігі бұл ұсынысты талқылауға шығармақ. Шенеуніктер арнайы жұмыс тобын құрып, оның құрамына премьер-министрді, түрлі министрліктер мен Алматы облысы билігінің өкілдерін қосуды көздеп отыр.
Бұл жоба – республикалық туристификация картасындағы үздік 10 нысан тізіміне енген Алматы тау кластерінің бір бөлігі.
Жобаны жүзеге асыру туризмді дамытып, өңірдегі туристік индустрияның бәсекелігін арттырады.