Қазақстанда тіркелмеген ұялы телефондардың неліктен өшірілмегені белгілі болды

0
2 062

ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев мұның себебін түсіндірді.


Қазақстанда тіркелмеген ұялы телефондардың неліктен өшірілмегені белгілі болды

ERNUR.KZ. Қазақстанда тіркелмеген ұялы телефондарға қатысты ескерту жасалғанымен, тұрғындардың ұялы байланысы өшірілмеді. Заң бойынша, ұялы байланысы арқылы жұмыс істейтін телефондар мен басқа да құрылғылардың иелері операторға өзінің ЖСН нөмірін (егер жеке тұлға болса) немес бизнес-сәйкестендіру нөмірін (заңды тұлға) айтуы тиіс, деп жазады sputniknews.

Өз сөзінде Абаев ұялы құрылғыларды тіркеу процесі қалай жүргізілетінін айтты.

«Біздің өшіргенімізді сұрап отырсыздар ма? Бұл жұмыс бүгінде тіркелмеген адамдарға қатысты үнемі жүргізіліп жатыр. Барлық байланыс операторымен жұмыс жүргізілуде. Біздің қолайсыздық тудырғымыз келмейді, керісінше, адамдардың телефонды қолданғанын қалаймыз», – дейді министр.

Қазіргі уақытта абоненттер ұсынған мәліметті салыстырып тексеру процесі жүргізіліп жатыр. Бұл процесс аяқталған бойда шешім қабылданады, дейді ол.

Сонымен қатар министр Қазақстан аумағындағы интернет қолжетімділігі мәселелеріне қатысты пікір білдірді. Ол «үнемі істемейтін интернет туралы хабарламаның» жалғаны екенін атап өтті.

«Мерзімді түрде техникалық себептер болып тұрады. Біздің тараптан мұндай ақау жоқ. Министрлік үнемі бұл мәселемен айналысады. Біз жекелеген өңірлердегі, қалалардағы әр оператордың байланыс сапасын тексеріп отырамыз», – дейді ведомство басшысы.

Өз сөзінде Абаев министрлік Желінің жұмысына ешқандай кедергі жасап отырмағанын айтты.