Қазақстанда төтенше жағдай енгізіле ме - Цой жауап берді

0
528

Министр ТЖ режимі қандай жағдайда енгізілуі мүмкін екендігін айтты.


Қазақстанда төтенше жағдай енгізіле ме - Цой жауап берді

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда төтенше жағдай режимі қандай жағдайда енгізілуі мүмкін екенін айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

"Қазіргі уақытта төтенше жағдай режимін енгізу қаралып жатқан жоқ. Бірақ заңнамаға сәйкес бұл ережені Мемлекет басшысы енгізіп, мемлекеттік комиссия қабылдайды", - деді Цой халыққа есеп беру кездесуінде.

Министрдің айтуынша, негізгі шарт бойынша елде санитарлық-эпидемиологиялық жағдай нашарлап, төсек-орын жүктемесі 70 пайыздан асқанда ТЖ режимі енгізіледі.

"Осылайша денсаулық сақтау жүйесіне үлкен жүктеме түскен кезде қатаң шектеу шараларын енгізу шешімі қабылданады", - деді ол.


Қазақстанда адамдардың тағы бір санаты тегін вакцинацияланады.

Айта кетейік, бір тәулік ішінде Қазақстанда коронавирус жұқтырған 2 853 жаңа жағдай анықталған.