Қазақстанда тұрмыстық техника күрт қымбаттады

0
590

Бағаның көтерілуі жөнінен Алматы, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстары алда тұр.


Қазақстанда тұрмыстық техника күрт қымбаттады

ERNUR.KZ. Елімізде бір жыл ішінде тұрмыстық техника 18,1 пайызға қымбаттаған, деп жазады ulysmedia.kz.

Бағаның көтерілуі жөнінен Алматы, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстары алда тұр. Аталған өңірлерде тұрмыстық техника бағасы 20 пайызға дейін өскен. Атап айтқанда, тоңазытқыш пен мұздатқыш жылына 15,8%- ға, ас үй плиталары 17,2%- ға, кір жуғыш және ыдыс жуатын машиналар 22% -ға, шаңсорғыш 25,1%-ға қымбаттаған.

Қазақстанда тұрмыстық құрал-жабдықтардың басым бөлігі импорттық тауарлар. Осы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша елімізде барлығы 322 тұрмыстық тоңазытқыш пен мұздатқыш шығарылған. Ал импортталған бұйымдар саны 144,9 мыңға жетіп отыр.