Қазақстанда ТЖ режимі қайта енгізіле ме - министр жауап берді

0
694

"Мұның барлығы эпидемиологиялық жағдайға байланысты, дейді министр.


Қазақстанда ТЖ режимі қайта енгізіле ме - министр жауап берді

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда төтенше жағдай режимін қайта енгізу туралы сұраққа жауап берді, деп жазады Tengrinews.kz.

"Мұның барлығы эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Егер жағдай мұны қажет етсе, ол енгізіледі. Бірақ біз қазір Қазақстандағы тұрақтылықты сақтаймыз деп үміттенеміз, өйткені әрбір азамат жаппай іс-шаралар ұйымдастырмай, қашықты сақтай отырып, маска тағып, халықты қорғауға бірлесіп атсалысады. Егер мұның бәрі жасалса, онда біз карантинсіз шығуымыз мүмкін", - деді Цой.