Бас кезінде қажетті құрал-жабдықтар Үндістаннан жеткізіледі
фото:Минторговли и интеграции Казахстана
ERNUR.KZ. Қазақстан мен Үндістан Sonalika/Solis тракторларын құрастыру туралы келісімді рәсімдеді, деп жазады sputnik.kz.
Келісімшартқа Ченнай қаласында өткен Қазақстан-Үндістан сауда және инвестициялар жөніндегі бизнес форумында қол қойылды. Негізгі мақсат - Қазақстанда Sonalika/Solis тракторларын құрастыру. Бас кезінде қажетті құрал-жабдықтар Үндістаннан жеткізіледі. Артынан өндірісті біртіндеп локализациялау жоспарланып отыр.
"Осы жоба аясында тракторлар мен ауыл шаруашылығы техникасын жеткізу, құрастыру, өндірісті жергіліктендіру, тарату және кейінгі сервистік қызмет көрсету мәселелері қамтылады. Келісімнің құны – 120 млн АҚШ доллары", - делінген ресми хабарламада.
Ал тағы бір келісім бойынша тараптар Қазақстанда өзара тиімді жобаларды бірлесіп анықтап, іске асыру мүмкіндіктерін қарастырады.
Бұдан бөлек, форумда өңірлер арасындағы байланысты дамытуға да басымдық берілді. Ақмола, Атырау, Маңғыстау және Түркістан облыстарының, сондай-ақ Шымкент қаласыныңөкілдері өз өңірлерінің экспорттық және инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырып, үндістандық компаниялармен бірлесіп жұмыс істеуге дайын жобаларын ұсынды.
Айта кетері, бүгінде Sonalika/Solis тракторларын үндістандық International Tractors Limited компаниясы шығарады.


