Қазақстанда утильалым мөлшерлемесі қашан өзгереді?

0
542

Қолданыстағы есептеу формуласына сәйкес кәдеге жарату төлемі көлік құралының қозғалтқышының көлеміне тікелей байланысты болады.


Қазақстанда утильалым мөлшерлемесі қашан өзгереді?

ERNUR.KZ. Қазақстан Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі кәдеге жарату төлемін есептеу әдістемесіне өзгерістер енгізу туралы бұйрық дайындап, енгізді, деп жазады tengrinews.kz.

Бұйрық 2022 жылғы 3 мамырда жарияланған және "ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткен соң" қолданысқа енгізіледі. Осылайша, Қазақстанда утильалымның жаңа төмендетілген мөлшерлемесі 2022 жылдың 14 мамырында күшіне енеді.

Еске салайық, қолданыстағы есептеу формуласына сәйкес кәдеге жарату төлемі көлік құралының қозғалтқышының көлеміне тікелей байланысты болады.