Қазақстанда вакцина алған 4 мың адамның иммундық жүйесі тексерілді - зерттеу

0
389

Тексерілгендер коронавирусқа қарсы 10 түрлі вакцина салдырған.


Қазақстанда вакцина алған 4 мың адамның иммундық жүйесі тексерілді - зерттеу

ERNUR.KZ. "Олимп" жеке зертханалар желісінде Қазақстанда вакцина алған 4 мың адамның иммундық жүйесі тексерілді. Бұл туралы компанияның баспасөз хабарламасында айтылған, деп жазады Tengrinews.kz.

2021 жылдың маусымынан, тамыздың ортасына дейін 3998 адам коронавирусқа қарсы вакцина алғаннан кейінгі антиденелерді анықтау үшін тест тапсырды. Тексерілгендер коронавирусқа қарсы 10 түрлі вакцина салдырған, олардың ішінде ең көп салынғаны: "Спутник V", Hayat-Vax, CoronaVac, QazVac және Pfizer.

Тексерілгендердің жалпы санының 87 пайызы "Спутник V", Hayat-Vax - 7,6 пайыз, CoronaVac - 2,1 пайыз, QazVac - 60 адам және 43 адам Pfizer вакцинасын алған. Сондай-ақ, адамдардың аз пайызы AstraZeneca, Moderna, Johnson & Johnson салғызған. Қазақстан аумағында қолжетімсіз вакциналар алған пациенттер - шетел азаматтары және шет елде екпе алғандар.

Зертханалар желісі алынған мәліметті вакциналардың тиімділігін бағалау үшін қолдануға болмайтынын, өйткені толық клиникалық зерттеу жүргізілмегенін айтты. Бұл зертханалық талдау нәтижелері, пациенттер вакцина алғаннан кейін коронавирусқа антиденелер пайда болғанын тексеру үшін тапсырады.

"Зерттеу нәтижелері бойынша Коронавирусқа қарсы антиденелер "Спутник V" вакцинасын алғандардың 95 пайызында, Hayat-Vax вакцинасын алғандардың 79 пайызында, CoronaVac иммунизацияланғандардың 89 пайызында, QazVac вакцинасын алғандардың 90 пайызында, Pfizer вакцинасын алғандардың 100 пайызында анықталды", - деді клиникалық-диагностикалық зертханалардың бас директоры Ерлан Сүлейменов.


Сондай-ақ, вакцинадан кейінгі антиденелер AstraZeneca, Moderna, Johnson & Johnson, Sinopharm (Vero Cell) вакциналарының 100 пайызында және КовиВак вакциналарының 75 пайызында анықталды.

Науқастың қан сарысуында коронавирустың S ақуызына антиденелерді анықтау вакцинация нәтижесінде иммундық қорғаныс бар екенін көрсетеді. Иммундық жауап төмендетілген тұлғаларда антиденелердің болмауы және иммунитеттің жасушалық буыны іске қосылған жағдайда болуы мүмкін, оның зертханалық диагностикасы Қазақстанда әзірге жоқ.

Вакцинадан кейінгі антиденелерге талдауды вакцинаның екінші дозасын алғаннан кейін үш аптадан асқаннан кейін тапсыру керек.