Бөліп төлеу қызметі тапсырыс құнын тең бөліктерге бөліп, 3 немесе 6 ай ішінде кесте бойынша төлеуге мүмкіндік береді.
ERNUR.KZ. Енді Wildberries маркетплейсінде қазақстандықтар тауарларды бөліп төлеу арқылы сатып ала алады. Бұл елдегі ірі қаржы ұйымдарымен бірге жүзеге асырылды, деп жазады stan.kz.
Бөліп төлеу қызметі тапсырыс құнын тең бөліктерге бөліп, 3 немесе 6 ай ішінде кесте бойынша төлеуге мүмкіндік береді. Бөліп төлеу тәсілін мобильді қосымшада тапсырысты рәсімдеу кезеңінде таңдауға болады. Бөліп төлеу қызметін тауарлардың бағасы 10 000 теңгеден асқан жағдайда пайдалана алады. Тұтынушыға бірнеше серіктестің бөліп төлеу нұсқалары ұсынылады. Ол комиссия мөлшерін қоса алғанда, шарттарымен танысып, өзіне қолайлы нұсқаны таңдайды. Егер сатып алушы тауардан бас тартса, бөліп төлеу автоматты түрде тоқтатылады.
Платформада тауарды төлеуге арналған жаңа сервистерді енгізу сатып алушылардың қолдану тәжірибесін жақсартып қана қоймай, сатушылар бизнесінің өсуіне де сеп болады. Бөліп төлеу мүмкіндігі сатылым көлемін арттыруға көмектеседі, конверсия мен орташа чек мөлшерін көбейтеді. Тәуелсіз зерттеулердің деректеріне сәйкес, бөліп төлеу қызметін іске қосу орташа чек мөлшерін 11-25%-ға арттырады. Бастысы – бөліп төлеу қызметінің сатушылармен есеп айырысуда еш әсері болмайды: олар тауардың ақшасын толық көлемде және уақытылы алады. Яғни тұтынушы тауарды бөліп төлесе де, сатушыға қаражат толық түседі.
Жақында Қазақстан Республикасындағы Wildberries платформасында исламдық банкинг қағидаларына сәйкес серіктестік бөліп төлеу қызметі де қолжетімді болмақ.
“Біз пайдаланушыларымыз үшін заманауи әрі жекелендірілген шопинг тәжірибесін қалыптастырып жатырмыз. Осы стратегия аясында жаңа қаржылық сервистерді іске қосуды жалғастырамыз: енді Қазақстандағы платформамызда несиелік өнімдермен қатар бөліп төлеу де қолжетімді. Мұндай тәсіл сатып алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандырып, оларға икемді төлем құралдарын ұсынады және сатушыларымыздың бизнесінің өсуіне ықпал етеді”, – деді Wildberries-тің Қазақстандағы директоры Виктор Никифоров.


