Қазақстанда жасалған: Mindray (ҚХР) компаниясымен бірлесіп медициналық жабдықтар өндірісі орналастырылады

0
236

Mindray компаниясымен бірлескен жоба Қазақстанның отандық өндірістік базаны нығайту, денсаулық сақтауды дамыту және жоғары медициналық технологиялар саласында халықаралық ынтымақтастықты кеңейту бағытындағы ұстанымын көрсетеді.


Қазақстанда жасалған: Mindray (ҚХР) компаниясымен бірлесіп медициналық жабдықтар өндірісі орналастырылады

ERNUR.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық техника саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі - қытайлық Mindray корпорациясымен бірлесіп, Қазақстан аумағында ультрадыбыстық аппараттар өндірісін орналастыру жөніндегі жобаны іске асыруда, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен қытайлық Kewen Xu, «Shenzhen Mindray Biomedical Electronics Co» вице-президенті, Орталық Азия өңірінің бас директоры Александр Дуан Қазақстанда медициналық жабдықтар өндірісін іске қосудың түрлі аспектілерін, соның ішінде жеделдетіп тіркеу, технологияларды беру және жергілікті персоналды оқыту мәселелерін талқылады.

Жобаны іске асырудың негізгі әсерлері:

  • Отандық ауруханалар мен клиникалар үшін заманауи медициналық жабдықтардың қолжетімділігін арттыру;
  • Қазақстанда озық технологияларды беру, мамандарды оқыту және инженерлік құзыреттерді дамыту;
  • Денсаулық сақтау жүйесіндегі жергілікті қамту үлесін ұлғайту;
  • Жаңа жұмыс орындарын құру және ілеспе өндірістер мен сервистік инфрақұрылымды дамыту үшін ынталандыру.

Кездесу шеңберінде телемедицинаны дамыту, автоматты сыртқы дефибрилляторларды орнату бойынша қайырымдылық жобасын іске асыру, сондай-ақ мемлекеттік ауруханалар үшін медициналық жабдықтарды лизингке беру бағдарламасын енгізу мәселелері талқыланды.

«Бұл жай ғана инвестициялық жоба емес. Бұл денсаулық сақтау жүйеміздің технологиялық егемендігі мен тұрақты дамуына бағытталған стратегиялық қадам. Біз еліміз ішіндегі өндірістік қуаттарға және технологиялар трансфері мен өзара тиімді әріптестікке негізделген ынтымақтастыққа басымдық беріп отырмыз», — деп атап өтті ведомство басшысы.

Mindray компаниясымен бірлескен жоба Қазақстанның отандық өндірістік базаны нығайту, денсаулық сақтауды дамыту және жоғары медициналық технологиялар саласында халықаралық ынтымақтастықты кеңейту бағытындағы ұстанымын көрсетеді.