Жыл басынан бері еліміздің көлік полицейлері темір жолдарды белгіленбеген жерлерден кесіп өткені үшін 15 355 адамды анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты.
ERNUR.KZ. Қазақстанда жыл басынан бері 42 адам пойыз астына түскен, олардың тең жартысы өліммен аяқталған. 3 бала зардап шеккен, олардың барлығы өліммен аяқталды, деп жазады tengrinews.kz.
Жыл басынан бері еліміздің көлік полицейлері темір жолдарды белгіленбеген жерлерден кесіп өткені үшін 15 355 адамды анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Сонымен бірге пойыздардың шұғыл тежелуінің фактілері де болып жатады. 930 факті тіркелді, оның ішінде адамдардың болуы себебінен 224, теміржол төсемінде үй жануарларының болуына байланысты 572 факті.
"Мысалы, алдыңғы демалыс күндері төрт адам пойыз астына түсіп кете жаздады. Аталған фактілер Ақмола, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелді. Абырой болғанда, барлық жағдайда пойыз машинистері жылжымалы құрамды тоқтатып, қайғылы жағдайдын алдын алды. Жоғарыда көрсетілген фактілер бойынша құқық бұзғандарға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 559-бабының 5-бөлігі ("Белгiленбеген жерлерде темiржол арқылы өту") бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", - Көліктегі полиция департаменті таратқан хабарламада.