Көлік министрлігіне жаңа басшы тағайындалды

0
102

​Бұл лауазымға Әсел Жанасова тағайындалды.


Көлік министрлігіне жаңа басшы тағайындалды

фото: Ақорда

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы жаңа көлік министрін тағайындады, деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшысының жарлығымен Нұрлан Сауранбаев көлік министрі лауазымынан босатылды.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Әсел Жанасова Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – көлік министрі болып тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Әсел Жанасова кім

Әсел Жанасова 1987 жылы Алматыда дүниеге келген және 2010 жылы Кембридж университетін "Болашақ" бағдарламасы бойынша бітірген.
2014 - 2016 жылдары Ұлттық банкте қызмет атқарды.
2016 - 2017 жылдары "Зерде" холдингін басқарды.
2017 - 2020 жылдары "Астана" халықаралық қаржы орталығында жұмыс істеді.
2020 - 2022 жылдары сауда және интеграция вице-министрі болды.
2022 - 2025 жылдары "Қазпошта" АҚ-ны басқарды.
2025 жылдың маусым айында президенттің кеңесшісі, ал 2025 жылдың желтоқсанында президент әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды.