​Қазақстанда жыл соңына дейін Stadler пойыздары іске қосылады

0
116

Жаңа пойыздар Астана – Алматы, Астана – Шымкент, Астана – Семей және Астана – Атырау бағыттарында жүреді.


​Қазақстанда жыл соңына дейін Stadler пойыздары іске қосылады

Фото: ҚТЖ

ERNUR.KZ. «Stadler Қазақстан» компаниясының коммерциялық директоры Сергей Леонтьев жаңа жолаушылар вагондарының ерекшеліктері туралы айтып берді. Бұл вагондар жыл соңына дейін шығарылуы жоспарланып отыр, деп жазады inform.kz.

Оның сөзінше, компания Қазақстанға инвестиция салуды 2022 жылы сатып алынған зауытты жаңғырту жобасынан бастаған.

– Ең алдымен, бізге зауытты швейцариялық өндірушінің технологиясына сай қайта құру қажет болды. Қазіргі уақытта жолаушылар вагондарын өндіретін толық цикл іске қосылды, алғашқы вагондар сынақтан өтіп жатыр, жыл соңында олар рельске шығады. Жыл соңына дейін шамамен үш пойыз жеткізіледі деп күтіп отырмыз. Вагондар санын оператордың өзі анықтайды, - деді Сергей Леонтьев KGIR-2025 жаһандық инвестициялар бойынша дөңгелек үстел кулуарында.

Спикер жаңа вагондардың тек Қазақстан үшін ғана емес, әлемдік деңгейде де бірегей болатынын атап өтті.

– Себебі бұл ең үлкен көлемдегі вагондар, сәйкесінше ең кең купелер мен багажға арналған орындары болады. Тіпті Қазақстанға арналған өте ерекше температуралық режим бар. Stadler компаниясы вагондарын -50 градус температурасы бар Норвегияға, +45 градус ыстық Алжирге де жеткізген. Ал Қазақстанда біз осы екі режимді біріктірдік: -50-тен +45 градусқа дейін. Біздің вагондарымыз елдің кез келген нүктесінде 48 сағат бойы қосымша жұмыс істей алады, - деді Сергей Леонтьев.
Жаңа пойыздар Астана – Алматы, Астана – Шымкент, Астана – Семей және Астана – Атырау бағыттарында жүреді.