Қазақстандағы жастар саясатының қарқыны жоғары

0
214

Жастар саясатындағы кешенді реформалар аясында институционалдық база мен Заңнамада бірнеше өзгеріс орын алды.


Қазақстандағы жастар саясатының қарқыны жоғары

фото: opennews.kz

Кейінгі 3-4 жыл көлемінде елімізде жастар саясаты саласында серпін байқалып, саяси мәні зор бастамалар мен тәжірибелік жұмыстар қарқын алды. Нәтижесінде, ел жастарына арналған саясат ұлттық және мемлекеттік деңгейге көтеріліп, мәдени-рухани жұмыстардан бөлек, жас мамандарды жұмыспен қамтамасыз ету, баспана қажеттілігін өтек, бизнес идеяларға қолдау көрсету сынды бағыттар жандана түсті. Соңғы жылдардағы жастар шегінің 35 жасқа дейін ұлғаюы, «Адал азамат» сынды тиімді тұжырымдамалардың іске асырылуы осы сөздеріміздің айғағы десек, қателеспейміз.


Жастар саясатындағы кешенді реформалар аясында институционалдық база мен Заңнамада бірнеше өзгеріс орын алды.


Атап айтқанда, алдымен еліміздегі жастар саясатын жүйелеу мақсатында «2021–2025 жылдарға арналған оқшауланған құжаттар мен іс-қимыл жоспарлары» бекітіліп, жастар санатына арналған маңызды бастамаларды іске асыру, бағдарламалардың орындалуын қадағалау, бөлінген ресурстардың тиісті жерге бағытталуын қамтамасыз ету жұмыстары жолға қойылған болаты. Кейіннен қабылданған 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдама да жастар саясаты мен мемлекеттік деңгейдегі саясаттың байланысын күшейтуге ықпал етті.


Соңғы жылдары орын алған тағы бір өте маңызды өзгеріс – жастар санатына жататын азаматтардың жас шегі 29-дан 35-ке көтерілуі. Себебі, осы өзгеріс арқылы мыңдаған жастың мемлекет тарапынан берілейтін қолдауға ие болуына, әлеуметтік бастамаларға қатысуына, елімізде көптеген бизнес идеялардың туындауына және жастар санатындағылардың кеңістігін кеңейтуге мүмкіндік туғызды.


Сондай-ақ, соңғы бірнеше жыл көлемінде жастарға көптеген тиімді мүмкіндіктер қарастырылып, пайдасы мол мемлекеттік бағдарламалар іске қосылды. Бүгінде сол бағдарламалар өз нәтижесін көрсетіп келеді.


Ел азаматтарына, әсіресе жас мамандарға қуаныш сыйлаған бағдарламаның бірі – «Жастар практикасы» деп аталады. Өйткені, бұл жоғарғы оқу орнын енді ғана бітірген мамандарға жұмыс орнын ұсынып, еңбек жолындағы алғашқы тәжірибелерін беруге арналған бағдарлама. Ресми дереккөздерге сүйенсек, былтыр және биыл аталған бағдарлама аясында мыңдаған жас маман жұмысқа орналасып, тәжірибе жинақтаған. Демек, бұл бағдарлама біріншіден жастардың еңбекке бейімделуіне жол ашса, екіншіден жұмыс беруші тараптың маман резервін жасақтауына септігін тигізіп келе жатыр.

Сонымен қатар, Қазақстан жастардың білімі мен дағдылардың дамыту мақсатында нарықтық экономикасы бар отыздан астам елдің ортақ қоғамдастығы —Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы, Біріккен Ұлттар ұйымы сынды әлемдік ұйымдармен ынтымақтастық орнатқан. Мамандардың айтуынша, бұл – заманауи нарықтық экономикаға лайықты мамандар әзірлеу процесіндегі маңызды қадам болып саналады.


Одан бөлек, жастарды жұмыспен қамти отырып, ел мен жерді қадірлеуге баулитын маусымдық бағдарламалар да бар. Соның бірі – «Жасыл Ел» деп аталады. Бұл бағдарламаның ерекшелігі – жұмысқа қабылданған жастар экологияның жақсаруына ықпал ететін ағаш көшеттерін отырғызу, қоғамдық орындарды тазалау, инфрақұрылым желілерін күтіп-баптау сынды еңбекпен айналысады. Кейбір өңірлерде тіпті нашақорлық, жастар арасындағы тәртіп сынды қоғамдық проблемаларды шешуге атсалысады. Соңғы 2 жылда аталған бағдарламаның ауқымы кеңейіп, 40 мыңнан астам жасты қамтыған екен.

Өздерінің жеке бизнес-идеяларын іске асыруға ниетті жастарға қайтарымсыз гранттар мен жеңілдетілген несиелер беріліп келе жатқанына да бірнеше жылдың жүзі болды. Бизнес саласындағы жастарға қаржыдан бөлек, берері мол тренингтер өткізіліп, кәсіптік білімге ие болуда. Соңғы жылдары аталған мүмкіндіктер арқылы мемлекет 15 мыңға жуық жасқа көмегін тигізген.


Бүгінде елімізде жастардың баспаналы болуына және тұрмысын түзеуіне арналған жұмыстар да көптеп атқарылуда. Атап айтқанда, жастар санатына арналған тұрғын үй тұжырымдамалары, баспана алуға арналған жеңілдетілген несие, пәтерді жалға алуға көмектесу сынды бастамалар жыл сайын жаңғыртылып келе жатыр. Мәселен, былтырдан бері жастар санатындағыларға жалға берілетін үйлерге арналған шарттар, алғашқы жарнаны жинақтау сынды салаларда өзгерістер орын алып, жас отбасылар мен жұмыс істейтін жастардың игілігі артуда.


Ал, өткен жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен іске асырыла бастаған «Адал азамат» бастамасы жастар саясатындағы идеологиялық бағытқа айналды. Тиісінше, мектептер, колледждер мен жоғарғы оқу орындарында әділдік, адалдық, еңбекті бағалау сынды құндылықтар кеңінен насихатталып жатыр.

Енді жоғарыда аталған бағдарламалар мен бастамалардың әсерін саралап көрелік. Алдымен тиімді тұстарын атап өтсек. Жастар шегінің 35 жасқа дейін көтерілуі көптеген азаматтың мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, инфрақұрылымдарға ие болуына мүмкіндік берді. Ал, жұмыспен қамту және маусымдық бастамалар жастарды еңбекке баулып, тәжірибелерін арттыруға, қоғамға құрметпен қарау түсініктерін арттыруға ықпалын тигізіп келеді.


Дегенмен, бағдарламалардың толйықтай тиімді болуына өңірлер арасындағы алшақтық кері әсерін тигізіп жатыр. Мәселен, қалада мүмкіндік көп болса, шалғай жерлерде азырақ. Сонымен қатар, жастарға арналған уақытша жұмыстардың барлығы бірдей тұрақты еңбекке ұласа алмауы ықтимал. Одан бөлек, кейбір рухани-патриоттық іс-шаралардың тиісті деңгейде өткізілмеуі туралы деректер кезігіп қалады.


Жалпы, 2021–2025 жылдар аралығын Қазақстандағы жастар саясатының қарқын алған кезеңі деп бағалауға болады. Жоғарыда аталған бастамалар мен бағдарламалар, олардың іске асырылуы мен нәтижелері сөзімізге дәлел.


Ендігі кезекте өңірлер арасындағы айырмашылықты азайту үшін шалғай елдімекендер үшін арнайы квоталар қарастырып, қашықтан оқыту жүйесін қалпытастыру қажет секілді. Одан бөлек, уақытша жұмысты тұрақты еңбекке ұластыру үшін жұмыс ұсынушыларға арнайы пакеттер енгізген жөн. Өңірлердегі деректерді дер кезінде әрі ашық жариялау, бағдарламаларды әділ бағалайтын тетіктер енгізу де жастар саясатының одан әрі дамуына ықпал етеді деп ойлаймыз.


Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ