Қазақстандық миллиардер 6,8 жылға бас бостандығынан айырылды

0
139

Сот ер адамды кінәлі деп тауып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.


Қазақстандық миллиардер 6,8 жылға бас бостандығынан айырылды

Фото: Zakon.kz

ERNUR.KZ. Ұлытау өңірінде кенді заңсыз өндіріп, миллиардтаған теңгеге байыған азамат сотталды, деп жазады zakon.kz.

Қаржы мониторингі агенттігінің облыстық департаментінің мәліметінше, сотталған азамат 2020-2023 жылдар аралығында лицензиясыз және жер қойнауын пайдалануға келісімшартсыз "Шығыс Қаражал" карьерінен марганец рудасын заңсыз өндірген.

"Нәтижесінде жөнелтілген руданың көлемі 16 мың тоннаны құрап, мемлекетке келтірілген залал 1,1 миллиард теңгеден асты. Оны заңдастыру мақсатында ол жалған мәмілелер жасап, соның негізінде өзінің қарамағындағы ЖШС арқылы өңделген темір-марганец рудасын ел ішінде де, Ресей Федерациясында да сатудан түскен кірістен 3 миллиард теңгеден астам табыс тапқан", – делінген хабарламада.

Сот ер адамды кінәлі деп тауып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Сондай-ақ сот оның 97,8 миллион теңгенің мүлкін тәркілеген: бес автокөлік пен шаруа қожалығы.

Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сәуірдің 5-і күні ҚР Қаржы мониторингі агенттігі Алматыда әрекет ететін алты микроқаржы ұйымының іс-әрекеті нәтижесінде 327 мыңнан астам адам зардап шегіп, 30 миллиард теңге шығынға ұшырағанын хабарлады.