Қазақстандық оқушының стартап жобасы Google грантын иеленді

0
119

Өнім ақпараттық жүктемені азайтуға бағытталған.


Қазақстандық оқушының стартап жобасы Google грантын иеленді

фото: Оқу-ағарту министрлігі

ERNUR.KZ. Қазақстандық оқушының TabAI стартап жобасы Google грантын иеленді, деп жазады sputnik.kz.

Павлодар қаласының 11-сынып оқушысы Игорь Мартынюк TabAI стартапын өз бетінше әзірлеген.

Бұл жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін көмекші, ол пайдаланушының цифрлық белсенділігін талдап, тапсырмаларды жүйелеуге және жұмыс үдерістерін басқаруға көмектеседі. Өнім ақпараттық жүктемені азайтуға бағытталған. Қазіргі таңда TabAI платформасын әлем бойынша шамамен 20 мың қолданушы пайдаланады.
"Жоба халықаралық қауымдастықтың назарын аударып, стартап 35 мың доллар көлеміндегі инвестицияны, сондай-ақ инфрақұрылымды дамытуға арналған Google грантын алды", - деп жазылған хабарламада.
Жас шектеулеріне қарамастан, Y Combinator командасы Игорьді Кремний алқабындағы YC Startup School бағдарламасына қатысуға шақырған.
Сонымен қатар Игорь Мартынюк жасанды интеллект саласындағы қарқынды дамып келе жатқан Cursor компаниясының ресми амбассадоры атанды. Бұл рөлде ол Қазақстан мен Орталық Азияда әзірлеушілер қауымдастығын дамытып, хакатондар, митаптар және білім беру іс шараларын ұйымдастырады.

Игорь алдағы уақытта жобаны дамытуды жалғастырып, халықаралық бағдарламаларға қатысуды және Y Combinator негізгі іріктеуіне өтінім беруді жоспарлап отыр.